Бүгін ағымдағы жылдың 1 маусымы - Халықаралық балаларды қорғау күні мен "2022 жыл - бала жылының" жоспары шеңберінде Мәртөк аудандық ауруханасының Дені сау бала" кабинетінің дәрігері мен учаскелік педиатрлардың ұйымдастыруымен Ашық есік күні өткізілді. Мерекелік ашық есік күні мамандар дәрігер қабылдауына келген балаларға мерекелік құттықтау тілектерін жеткізіп, сыйлықтар табыстады. Бұл мереке - болашаққа бағдар жасап, адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыруға септігін тигізетініне сенімдеміз. Мәртөк аудандық аурухананың мамандарымен "2022 жыл - бала жылы" жоспары шеңберіндегі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғастырылатын болады
Комментарии (0)
Добавить