ГКП «Мартукская РБ» на ПХВ ГУ «Управление здравоохранения Актюбинской области» » Новости » ҚР-ның президентінің «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялауына байланысты және 1 маусым Халықаралық балаларды


ҚР-ның президентінің «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялауына байланысты және 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мәртөк аудандық ауруханасының кәсіподақ ұйымы ұйымдастыруымен, аудандық білім бөлімінің және аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен аудандық мәдениет үйінде аудандық аурухана қызметкерлерінің балалары арасында шахмат және дойбы спорт түрінен турнир өткізілді. Ашылу салтанатын шахмат спортынан спорт шеберінің кандидаты және денсаулық сақтау ардагері Грищенко К.Э. ашты, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп өз атынан шахмат спортына қатысты кітаптарын ұсынды.Турнирге 14 бала қатысты , жарыс өте тартысты өтіп жеңімпаздар анықталды. Жарыс жүлдегерлеріне Мәртөк аудандық ауруханасының басшысы Кішкентаев Н.Ж. құттықтау сөзін айтып жеңіске жеткен балаларды марапаттап, бағалы сыйлықтар және «юрта парк» отбасылық саябағына сертификат берді

12:22, 01 май 2022
97
0
Вернуться назад
Комментарии (0)